Құрметті ұжымдастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
26 жыл бұрын әділ қоғам мен адам құқықтары және бостандықтарын қастерлейтін қуатты мемлекеттің сенімді іргетасына айналған негізгі құжат қабылданды. Еліміздің басты Заңының әрбір жолы азаматтық қоғамның өзекті сұраныстарына және қазіргі заман шындығына, рухына толы, әрі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйені одан әрі жан-жақты жаңғыртуға ықпал етіп, жасампаздық пен прогреске кепілдік береді.
Мемлекетіміздің Конституциясы алдағы уақытта да біздің азаматтарымыздың мүдделеріне табысты қызмет етіп, біртұтас Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететін болады.
Комбинаттың барша қызметкерлеріне денсаулық, амандық және табыс тілеймін!
ЖШС Бас директоры Т. А. Есентүгелов