«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Қазынашылық департаменті «БЖЗҚ» АҚ және «Отбасы банк» АҚ өкілдерімен бірлесіп кәсіпорын мамандарымен кездесу ұйымдастырды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында БЖЗҚ қызметінің бағыттары талқыланып, Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға мерзімінен бұрын пайдалану, Зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушының сенімгерлік басқаруына аудару кезінде жеке табыс салығын төлеудің қыр-сыры түсіндірілді.
Қордың есебіне сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары салынған. Бір жыл ішінде - 01.01.2020 жылдан 01.01.2021 жылға дейін бұл сома 2,1 трлн. теңге немесе 20% өскен.
2020 жылы Қор салымшыларына 1,2 триллионнан астам таза инвестициялық табыс есептелген, бұл өткен 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 578,1 млрд.теңгеге (өсім 90%) артық. Бұл ретте, статистикалық деректер бойынша инвестициялық табыс зейнетақы жарналарының сомасынан асып түскен. Соңғы түсімдер 1,1 трлн. теңге, бұл да 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд.немесе 10% - ға артық.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануы азаматтарға 2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.
Біржолғы зейнетақы төлемінің (БЗТ) орташа сомасы шамамен 5,3 млн.теңгені құрайды, бұл ретте ол әр өңірге байланысты әр түрлі. Мысалы, Маңғыстау облысында тұрғын үйге БЗТ 8,4 млн. теңгені, ал Атырау облысында бұл көрсеткіш 6,6 млн.теңгені құрайды. Орташа төлемнің ең аз сомасы Нұр-Сұлтанда, барлығы 5 млн. теңге.
Сондай-ақ, БЖЗҚ өкілдері Қордың корпоративтік стратегиясының маңызды аспектілерінің бірі - Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту мен модернизациялауға қатысушылардың назарын аударды. Ерікті зейнетақы жинақтарын дамытуды ынталандыратын бірқатар заңнамалық өзгерістер бекітілді.
Осылайша, 01.01.2021 ж. бастап қызметкердің пайдасына жұмыс беруші аударған ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, ал жұмыс беруші үшін корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады; 01.05.2021 ж. бастап ЕЗЖ салымшыларында, егер ЕЗЖ шотта кемінде 5 жыл болған жағдайда, есептелген инвестициялық табысты ескере отырып, оларды алу құқығы пайда болады; 01.05.2021 ж. бастап ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашудың өтінімсіз тәртібі енгізілетін болады, оларға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомалары да бар болған жағдайда есепке алынатын болады.
Сарапшылар атап өткендей, Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау бойынша келіп түскен барлық ұсыныстар тәуелсіз сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ пен блогосфераның өкілдері, салымшылар мен алушылар кіретін Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауында болады және мақұлдауынан өтеді.
Гүлбаршын Байназарова