19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Электр энергия нарығындағы бәсекелестік жабдықтарды жаңартуды талап етеді

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік кешені жабдықтарының басым бөлігінің  пайдалану мерзімі 40 жылдан 58 жылға дейін. Қазіргі уақытта жабдықтардың тең жартысы өзінің парктік ресурсын толық өтеді, екінші жартысы да өтеуге жақын, тіпті ең жаңалауы дегенінің өзі  нормативтік қызмет мерзімінің 60% атқарған. Жалпы электр станцияларының негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 78,4%-ды құрайды. Мұндағы турбиналар мен қазандықтардың 40%-дан астамы өздерінің қызметтік ресурсын толық өтеген және әр 4 жыл сайын мамандандырылған ұйымның  одан әрі пайдалануға рұқсатын ала отырып жұмысын жалғастыруда.

Жабдықтардың парктік ресурстарын  әрбір ұзарту үлкен қаржы салымдарын талап етеді, бұл ретте жабдықтардың тиімділігі артпайды, тек оның жұмыс қабілеті ғана қалпына келтіріледі.

Жыл сайын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де негізгі жабдықтарға 6-8 күрделі және 40-50 ағымдағы жөндеу, қосалқы жабдыққа 2500-3000 жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ЖЭО-1 №4,5,6 қазандық агрегаттарының қыздыру беттері түтін газдарын рециркуляциялау және технологиялық процесті басқарудың толық ауқымды автоматтандырылған жүйесі енгізіле отырып толық ауыстырылды. ЖЭО-1 химиялық су тазарту қондырғысы қайта жаңартылған қазандықтардың су-химиялық режимін Техникалық пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайта құрылды. Бұл жұмыстардан кейін қызмет көрсететін персоналдың еңбек жағдайы, су дайындау қондырғысының жұмыс істеу мүмкіндігі  едәуір артты.

ЖЭО-2  ст. №9,10 турбина агрегаттарында  және ст. №2,3 бойлер қондырғыларында технологиялық процесті басқарудың толық ауқымды автоматтандырылған жүйесі енгізілді, сондай-ақ, ЖЭО-2 №9 турбина генераторында тиристорлық қозғағыштың жаңа жүйесі құрастырылды және генератордың майлы ажыратқышы элегаздыққа жүйеге ауыстырылды. Сонымен қатар, ЖЭО-2  ст. №11,12,13 қазандық агрегаттарында технологиялық процесті басқарудың толық ауқымды автоматтандырылған жүйесі енгізілді.   

ЖЭО-2 6кВ меншікті қажеттілік фидерлерінің  11, 12 секциясы жабдықтары ауыстырылып, жаңғыртылды. ЖЭО-2 ст.№3 турбина агрегаттарында  бақылау-өлшеу аспаптары  мен автоматика жүйесі жаңғыртылып, екінші кезектегі аспаптардың орнына  РМТ 59 қағазсыз көпарналы тіркегіштері енгізілді. Автоматтандырылған стационарлық бақылау бекеті базасында атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құра отырып, ЖЭО-2 ст. №1,2,3,4 қазандық агрегаттарында  шығатын газдарды бақылау-өлшеу аспаптары мен химиялық талдау автоматикасы жүйесі енгізілді.  

Электр энергиясы нарығындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында қолданыстағы жабдықтарды қайта жаңарту мен жаңғыртуды  жүргізу жеткіліксіз, кәсіпорын өндірістік кешеннің энергия тиімділігін арттыру және өз өнімдерінің  өзіндік құнын төмендету бойынша түбегейлі қадамдар қабылдауы қажет.

Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - әбден ескірген жабдықтарды жаңа заманауи және үнемді жабдыққа ауыстыру.

Анықтама үшін: «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС – Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін электр энергиясының негізгі көзі, сондай-ақ, Ақтау қаласы үшін жылу энергиясы мен түрлі мақсаттағы (ауыз су, ыстық, техникалық дистиллят) суды өндіруші бірден-бір кәсіпорын.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрамына екі  Жылу электр орталығы (ЖЭО-1 және ЖЭО-2),  бір конденсациялық Жылу электр станциясы (ЖЭС), Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылу және сумен жабдықтау зауыты (ДӨжӨЖСЖЗ) , кәсіпорынның негізгі технологиялық өндірістерін қамтамасыз етуге арналған өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар кіреді.