21.01.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ардагерді еске аламыз құрметпен

 «Орбита» спорт кешенінде волейболдан кәсіпорынның еңбек ардагері Семен Ефимович Живораны еске алуға арналған турнир өтті. Бүкіл еңбек жолы комбинаттың даму тарихымен сабақтас болған Семен Ефимович құрметті демалысқа шыққанша бар күш-жігерін ұжымның өсіп, өркендеуіне арнады. 1965 жылы 25 жасында осындағы  жұмысын токарь болып бастаған ол ең ірі бөлімшенің басшысына дейінгі жолдан өтті. 1987 жылы өзінің қолдауымен ашылған Жөндеу зауытының директорлығына тағайындалған С.Е.Живора, 2012 жылы зейнеткерлікке шыққанша осы зауыттың басшысы қызметін атқарды.   90-жылдардағы дағдарыс кезеңінде зауыт энергетикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстарын кідіріссіз жүргізіп, кәсіпорын өндірісінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етті. Семен Ефимовичтің жоғары іскерлік қасиеттері, ұйымдастырушылық қабілеті, кәсіби шеберлігі, бастысы үнемі адамгершілік биігінде болуы оның қызмет сатысының үнемі биіктеп, абыройының артуына ықпал етті. Кәсіпорынның өте білікті, бағалы мамандарының бірі ретінде С.Е.Живора жетпіс үш жасқа қарағанша тынбастан еңбек етті,  одан кейін де үлкейдім деп үйде отырмай сол кезде комбинатқа қарасты болған «Орбита» спорт кешенінің директоры қызметін өткен жылы қараша айында өмірден өткенше жалғастырды. Ардагер қазасының бір жылдығы қарсаңында Семен Ефимовичтің туыстары мен жақын достарының волейбол жарыстарын өткізу туралы идеясын «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымы да қолдады.

Турнир тәлімгерді, әріптесті, досты еске алу үшін жарияланған бір минут үнсіздікпен басталды.

 - Біз бүгін жеңіс үшін емес, ұзақ жылдар Жөндеу зауытын басқарған және ұжымда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырған, әсіресе, волейболды танымал етуге атсалысқан Семен Ефимович Живораны еске алу үшін ойнаймыз. Турнирге ардагердің әріптестері мен достары ғана емес, комбинаттың бүгінгі жас мамандары да қатысуда. Бүгінгі турнирде біз  Семен Ефимовичтің сіңірген еңбегі, адамгершілігі, қарамағында болған жұмысшы, қызметкерлерге жасаған басшылық, әкелік қамқорлықтарын, жақсылықтарын еске аламыз,- деді жарысты ұйымдастырушылар.

Қазақстан Волейбол федерациясының Маңғыстау филиалының директоры Владимир Мастихин, келесі жылдан бастап Семен Ефимович Живораны еске алуға арналған волейбол турнирін өткізуді дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС еңбегі ардагері С.Е.Живораға ұзақ жылдар сіңірген еңбегі үшін «Еңбек сіңірген қызметкер», «Еңбек ардагері», «Құрметті еңбек ардагері» атақтары берілген. Сонымен қатар ол «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медалдерімен, «Атом саласына 50 жыл» мерейтойлық белгісімен, 1-дәрежелі «Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгісімен, Росатомның «Атом энергетикасы және өнеркәсібі ардагері» ерекшелік белгісімен марапатталған. С.Е.Живора 20-дан астам рационализаторлық, өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. Оған комбинаттың «Үздік рационализатор және өнертапқыш» атағы берілген.       

Сонымен қатар, Семен Ефимович талай спорттық жарыстарда кәсіпорын абыройын қорғаған  майталман спортшы еді. Ол кәсіпорынның волейбол командасының шебер ойыншысы әрі жаттықтырушысы болды.

 

                                                                                                          Гүлбаршын Байназарова

 

IMG 6899