Бүкіл әлемді дүрліктірген індеттің таралуына жол бермеу мақсатында дәрігерлер арасында "Біз сіз үшін жұмыста қалдық, сіз біз үшін үйде болыңыз" челленджі басталған болатын. МАЭК қызметкерлері де бұл акцияны қолдауды жөн көріп, Маңғыстаулықтарды карантин кезінде адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды, үйде болуларын өтінді.
Айта кету керек, МАЭК – облыс тұрғындарын тіршілікке қажетті барлық ресурстармен қамтамасыз ететін бірден-бір ірі кәсіпорын. Сондықтан мұнда барлық тиісті қауіпсіздік шаралары сақталып, қызметкерлердің денсаулығы үнемі бақылауда ұсталып, өндіріс тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Айнұр Қобланова