Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлер Владимир Тропин мен Любовь Боброва Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Бұл марапат — олардың елге сіңірген еңбегіне, табандылығы мен Отанға деген адалдығына көрсетілген үлкен құрметтің белгісі. «МАЭК» ЖШС бас директоры Орақов Кеңес Нұрмағаметұлы ардагерлерді лайықты марапаттарымен құттықтап, соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді.