07.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әйел-аналарға құрмет

Аяз да жоқ жанды қарып кетердей,

Көктем келді жаның еріп кетердей.

Тірлік неге жарды десем бүршігін,

Әйелдердің мерекесі екен ғой…

(Мұқағали Мақатаев)

 

         Биылғы көктем бұрынғыдан тым өзгерек болды. Қыстың соңғы күндері Маңғыстауға нағыз қыс келіп, күн суып, бірнеше күн қатарынан қар жауды. Наурыз айының   алғашқы аптасында да қар жапалақтап, жер беті ақ ұлпаға оранды. Тек әйел-аналар мерекесі қарсаңында ғана күн күлімдеп, қар еріп, көктем лебі сезіле бастады.

 «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылдағы дәстүр бойынша осынау ерекше мереке – халықаралық әйелдер мейрамын атап өтті. Кәсіпорынның Бас директоры Кинис Орақов  комбинаттың әйелдер қауымын көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өмірдің бар сәттіліктерін, отбасының амандығы мен шаңырақтың шаттығын тіледі. Аймақтың дамуына сіңірген еңбегі үшін  5 қызметкерге облыс әкімінің  Құрмет грамотасы және 10 қызметкерге Алғыс хаттар табыстады. Комбинат басшылығы атынан еңбекте ерекшеленген 19 әйел азамат  Құрмет грамоталарымен,  22 қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Ұжымдағы жігіттер қауымы салтанатқа жиналған барлық әйелдерге гүл  ұсынып,  сыйлықтар үлестірді.   

         Салтанатты шара соңында ұжымның өнерлі жігіттері концерттік бағдарлама ұсынып,  мереке иелерінің көңілін көтеріп, ерекше ықыласқа бөледі. Ұжымның әйелдер қауымы әншілердің талантына тәнті болып,  ризалықтарын білдірді.