03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

         «МАЭК» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілдері «Құйылыс» кен орнының екінші көтергіш сорғы станциясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.    

       Іс-шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы мен кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығын түсіндіру.

          Комплаенс-офицер Жалғас Арғынбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің негізгі міндеттеріне - кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақталуын бақылау, мүдделер қақтығысының алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті.    

          Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілдері жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштерін қарап, олар бойынша тиісті шешім қабылдайтыны жеткізілді.

        Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпаратпен қалай, кімге жүгінуге болатыны түсіндірілді. Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі арқылы (телефон 64-266) пайдаланатыны немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына хабарлама жібере алатыны белгіленді.  Сонымен қатар, қажетті ақпарат пен қызмет контактілері бар бетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR код та таратылды.

         Бұдан басқа, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық пен қудалаудан қорғауға кепілдік берілетіні нақтыланды.