03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ардагерлерді құрметтейміз

                15 ақпан -  Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні.      

     Бүгін "МАЭК" ЖШС Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 36 жылдығына орай  іс-шара ұйымдастырды.    

       Кәсіпорында еңбек ететін Ауған соғысы ардагерлерімен бас директор Кинис Орақов кездесті. Олардың  бейбіт өмір жолында атқарған жауынгерлік қызметі және  комбинаттағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді, ардагерлердің отбасына амандық,  зор денсаулық тіледі.

      Жергілікті кәсіподақ төрағасы Асланбек Өтебаев ардагерлерге өз тілегін арнап, ұйымның атынан ақшалай сыйақы табыстады.   

      Ауған соғысының ардагері, күзет-өрт сигналы құралының электромонтері Дәрібай Рысбаев, комбинат басшылығы мен кәсіподаққа осы маңызды күнге арнап шара ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, жас ұрпақтың болашағы жарқын,  аспаны ашық болғай деген тілегін жеткізді.

       Кездесуде ардагерлер жат жердегі қиын жылдар, қаруластары туралы естеліктерімен бөлісті.

     Іс-шара соңында ардагерлер ұжымдастарымен бірге  естелік суреттерге түсті.