03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорындағы интеграцияланған менеджмент жүйесі

         Сапа менеджменті жүйесі - сыртқы және ішкі нарықта тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі. Кәсіпорында интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізу ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері», ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері», ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелері», ҚР СТ ISO 22000-2019 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелері» талаптарына сәйкес жүргізілуде.

          ИМЖ енгізу нәтижесінде кәсіпорын мынадай артықшылықтарға ие болады:

* тұтынушылар мен инвесторлар үшін тартымды болу;

* бірыңғай стандартталған басқару құрылымын құру;

* жоспарлау, талдау, құжаттаманы басқару, ішкі аудит және т.б. процестерді біріктіру;

* жүйелерді әзірлеу, оларды енгізу және жұмысқа қосуда технологиялық деңгейін арттыру;

* жүйелерді әзірлеу, жұмысқа  қосу және сертификаттау шығындарының деңгейін төмендету;

* өзгермелі жағдайларға бейімделу дәрежесін арттыру.

          2024 жылдың соңында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының аудит қорытындысы бойынша кәсіпорында тәуекел процестерін басқару және ішкі құжаттарды уақтылы жаңарту бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Осыған байланысты кәсіпорында Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау бөлімі қайта құрылды. Бөлімнің негізгі міндеті бөлімшелерде, қызметтерде, департаменттерде және басқармаларда ИМЖ және тәуекелдерді басқару талаптарының орындалуын бақылау болып табылады.

Аудит нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер мен ескертулер 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жойылды. ИМЖ 2025 жылға арналған ішкі аудит бағдарламасына сәйкес 24 бөлімшенің төрт жүйенің талаптарына сәйкестігін тексеру жоспарланған, сондай-ақ стандарттар мен нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 2025 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жоспары әзірленуде.

          Бүгінгі таңда тәуекел процестерін басқару процедураларын белгілеуге, сондай-ақ кәсіпорынның ішкі құжаттары мен стандарттарын қайта қарауға қатысты ішкі құжаттарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Тәуекел-процестерді қайта қарап, ықтимал тәуекелдер мен олардың құрамдас бөліктерін анықтау, сондай-ақ кәсіпорынның стандарттары мен ішкі құжаттарын, соның ішінде:

* DAMU жүйесі арқылы процестерді біріздендіру және оларды орындау ыңғайлылығы үшін құжаттамаға өзгерістер енгізу.

* Интеграцияланған менеджмент жүйесі шеңберінде ішкі аудит функцияларын орындау.

* Сыртқы құжаттарды, жазбаларды басқару, журналдарды жүргізу және есепке алу, интеграцияланған менеджмент  жүйесін басшылыққа алу.

ӨҚБ ТМжІБ бөлімі кәсіпорындағы барлық процестерді реттейтін ішкі құжаттарды қайта қарауға әдістемелік көмек көрсетеді.