04.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Спартакиада МАЭК: Шахмат

 

      Қарашаның 25-26 жұлдызында МАЭК спартакиадасы аясында кәсіпорын бөлімшелері арасында шахмат ойынынан жарыс өткізілді. Атаулы бәсекеге ЖЭС, Дистиллят және өнеркәсіптік жылусумен жабдықтау зауыты, Желілер мен қосалқы станциялар цехы, Жөндеу зауыты және Қауіпсіздік қызметінің командалары қатысты.

     Жарыс өте тартысты және қызықты өтті, барлық қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуге тырысты. Нәтижесінде, 1-ші орынды Қауіпсіздік қызметі командасы жеңіп алды. Команда құрамында ойнаған Исембек Көшбаев, Әли Жұмағалиев, Наталья Речкина қарсыластарына ешқандай есе жібермейтін, шахматтың барлық аспектілерін толық меңгерген жоғары  деңгейлі ойыншылар екенін көрсетті.   

    Екінші орынды Желілер мен қосалқы станциялар цехының (ЖҚСЦ)  командасы иеленді, олар да сайыста жақсы ойын көрсетіп, үздік командалар қатарына енді. Бұл команда мүшелері де әр партиядағы қадамдарын дәл есептеп, ақылға қонымды шешімдер жасауымен ерекшеленді. Жөндеу зауытының командасы да ойынды озық нәтижелермен аяқтап, үшінші орынға тұрақтады.

   Шахмат - тек логикалық ойлау мен стратегия ғана емес, сонымен қатар әр ойыншының психологиялық беріктігін, шыдамдылығын және қарсыласымен ұтымды диалог құра білуін қажет ететін спорт түрі. Осы тұрғыдан алғанда, қатысушылардың барлығы да жоғары деңгейдегі шахматшылар екенін дәлелдеді.

Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды. Жүлдегер командаларды жеңісімен құттықтаймыз!