9 желтоқсанда «Орбита» спорт кешенінде «МАЭК» ЖШС бөлімшелері арасында спартакиада аясында гір спорты бойынша жарыс өтті. Жарысқа төрт салмақ дәрежесінде 6 команда қатысты.
Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар салмағы 24 кг болатын екі зіл тасты кеудеден жоғары бастан асыра көтеруі тиіс. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.
95 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды зіл тасты 40 рет басынан асыра көтерген Игорь Трифонов (Комбинат басқармасының Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехы), 2 орынды зіл тасты 34 рет көтерген Сұлтанов Азамат (ЖЭС), 3 орынды 30 рет көтерген Есетов Оспан (Жөндеу зауыты) иеленді.
Ал 95 келіге дейінгі салмақта Қауіпсіздік қызметінің спортшысы Талғат Әділхан гірді 44 рет көтеріп, 1 орынды иеленді. 2 орын иеленген Цифрландыру және ақпараттық технология орталығының қызметкері Сәрсенғалиев Ырысбек гірді 43 рет көтерді. 3 орын КБ/БӨжАҚЖЦ командасынан Сырбу Романға бұйырды. Ол гірді 29 рет көтерді.
85 кг салмаққа дейінгілер арасында болған жарыста Мұстафин Райымбек (ҚҚ-23 рет) 1 орын, Меньшенин Максим (КБ/БӨжАҚЖЦ- 20) 2 орын, 3 орынды Магомедов Эрик (ЖЭО-1 -18) жеңіп алды.
70 кг дейінгі салмақта жарысқа түскен жігіттер арасында Шушаев Арман (ҚҚ-14 рет) 1 орынды, Тулиев Еламан (ҚҚ-8) 2 орын, 3 орынды Сәбитұлы Әли (ЖЗ-6) жеңіп алды.
Нәтижесінде, жалпы командалық есепте Қауіпсіздік қызметінің спортшылары 45 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынға 34 ұпаймен Комбинат басқармасы / Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының командасы шықты. Жөндеу зауытының спортшылары жүлделі үшінші орынды 29 ұпаймен жеңіп алды.
Биылғы МАЭК спартакиадасы осы гір спорты жарысымен аяқталды. Өз командалары үшін тер төгіп, жыл бойы еңбек пен спортты қатар алып жүрген барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!