«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мұрат Ізбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өкілеттігін кәсіподақ комитеті төрағалары сайлаған Асланбек Утебаевқа тапсырды.
Кәсіподақ комитеттерінің соңғы отырысында Мұрат Ұлболсынұлының басшылығымен жүзеге асырылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа төраға назар аударатын жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.
Мұрат Ізбаев кәсіподақты басқарған соңғы үш жылда еңбек жағдайларын жақсарту және комбинат қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту бойынша белсенді жұмыс атқарды. «МАЭК» ЖШС Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ерқанат Ибадуллаев оған кәсіпорын басшылығының атынан Алғыс хат табыстап, жаңа қызметіне сәттіліктер тіледі.
«МАЭК» ЖШС Жөндеу зауытында 2010 жылдан бастап слесарь болып жұмыс істеген Асланбек Өтебаев енді Жергілікті кәсіподақты басқарады. АРБД директоры Асланбек Аманқылышұлының жаңа лауазымында бұған дейін жасалған бастамаларды дамытып, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.