20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК спортшылары - Азия чемпионы

 

        22-28 қыркүйек аралығында Бішкекте штанганы классикалық және экипировкалы  жатып көтеру бойынша Азия чемпионаты болып өтті, Оған Қазақстан құрамасын қосқанда 11 елдің спортшылары  қатысты.

        Чемпионатқа қатысқан еліміздің құрама командасы сапында «МАЭК» ЖШС қызметкерлері өнер көрсетіп, тамаша нәтижелер көрсетті.

      ҚТЦ Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу, қалпына келтіру, монтаждау учаскесінің басшысы Сергей Меньшенин,  «Мастер III», яғни  60 жастан жоғары жастағы спортшылар санатында өнер көрсетіп, өзінің салмақ дәрежесінде абсолютті Азия чемпионы атанды. Ол штанганы классикалық және экипировкалы  жатып көтеруде 165 кг  көтеріп, екі дивизионда да бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Сергей Николаевич халықаралық санаттағы төреші ретінде чемпионаттың басқа қатысушыларына төрелік етті, бұл оның кәсіби шебер спортшы екендігін көрсетеді.

      ҚТЦ автоматика мен өлшеу құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Игорь Трифоновтың нәтижесі де жоғары болды. Ол экипировкалы  жатып көтеруде салмағы 320 кг болатын штанганы көтеріп, Жапония мен Моңғолиядан келген қарсыластарынан басым түсті. Игорьдің жеке рекорды 345 кг құрайды және биыл ол халықаралық аренада да өзін көрсетіп, АҚШ-та өткен жарыстарда  алтыншы орынға ие болды.

      Ақтау спортшыларын чемпионатқа белгілі спортшы, жаттықтырушы Асқар Шоханов дайындады. Ол өзінің шәкірттерін жарысқа дайындап қана қоймай, сонымен қатар 362 кг салмақтағы штанганы көтеріп,  әлемдік рекорд орнатты, бұл оған Азияның абсолютті чемпионы атануға мүмкіндік берді.