04.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Аурудың алдын алған абзал

 

          Елімізде 15 қыркүйектен бастап халықты тұмауға қарсы вакцинациялау шарасы жүзеге асырылуда. Ол үшін Қазақстанға Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ плюс» вакцинасының 2 207 752 дозасы жеткізілген.

         3 қазан күні атаулы вакцинамен «МАЭК» ЖШС медициналық пунктінде тұмаудың алдын алуға ниет білдірген  91 қызметкерге екпе жасалды.  Олардың қатарында екпеден кейінгі жағымсыз әсерді сезінгендер болған жоқ. Комбинаттың медициналық қызметі бұл процедураны қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін кәсіпорын аумағында ұйымдастырды. Бұл күні екпе алып үлгермегендер алдағы уақытта өздері тіркелген емханаларға барып тегін вакцинациядан өтулеріне болады.

         «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген аталы сөзді даналарымыз бекер айтпаған болу керек. «Аурудың батпандап кіріп, мысқалдап шығатынын» ескерсек, тұмауға тұсауды қазірден салған жөн екенін білуіміз қажет.

         Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Ауру асқынса тыныс жолдарын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ, тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Аурудың алдын-алудың басты шарасы – тұмауға қарсы вакцинациядан өту болып табылады.