ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар басшыларының, тәуелсіз қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз турын ұйымдастырды. Шара аясында өткізілген кеңесте 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асырудың жылу энергиясын өндіруге және сумен жабдықтауға (ауыз су, ыстық және техникалық су) қатысты негізгі аспектілері талқыланды.
«МАЭК» ЖШС Жөндеу департаменті директорының орынбасары Алексей Смоленский инвестициялық жоспардың орындалуы туралы есеп берді. Бағдарламада жоспарланған су дайындау станциясындағы (СППВ-40) сәулелік жүйе сүзгілеріне күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл жобаның негізгі мақсаттары сүзгілердің пайдалану сенімділігін арттыру, олардың өнімділігі мен пайдалану мерзімдерін арттыру, сондай-ақ ауыз суды дайындау кезінде гидравликалық режимді тұрақтандыру болып табылады. Ескі құбырларды бөлшектеп алу және жаңа құбырлар мен болаттан жасалған айналмалы болттарды орнату бойынша барлық жұмыстар уақытында орындалды.
Бұдан басқа, инвестициялық бағдарлама шеңберінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 (VII кезең) арасындағы жылу құбыры учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл жөндеудің мақсаттары жылу трассасының қызмет ету мерзімін ұлғайтуды, алдағы жылу маусымында жылу желілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және жылу желісінің тұрақты жұмыс режимін қалыптастыруды қамтиды. Іс-шараға қатысушылар осы жұмыстар жүргізілген аумаққа барып, жүзеге асырылған нәтижелерді көруге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, Құйылыс-Меловое кен орнындағы оңтүстік тармақтың құрама су құбырын күрделі жөндеу жұмыстары да жоспарлануда.
2024 жылға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 275 млн. теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарламаның жобаларын іске асыру, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын сумен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін сенімді және ұзақ мерзімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.