04.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Атом саласы қызметкерлері күні: спартакиада және жеңімпаздарды марапаттау

 

      Атом саласы қызметкерлері күнін мерекелеу аясында шағын футболдан энергетикалық кәсіпорынның спартакиадасында ерекше ойын үлгісін көрсетіп, жүлделі үшінші орын алған  БН-350 РҚ  командасын марапаттау рәсімі өткізілді. Кәсіпорын спартакиадасы биыл шағын футбол жарысымен басталды. Комбинат қызметкерлерінің командалық рухын көтеріп, жеңістерге ұмтылдырған спорттық жарыстар одан әрі жалғасуда.

      «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ төрағасы ойыншыларға қызметте, сонымен қатар, спорттық жарыстарда да ұйымшыл болудың маңыздылығын атап өтіп, марапаттар табыстады. Команданың әрбір қатысушысына олардың табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы үшін мақтау грамоталары табыс етілді.

      Мерекелік  іс-шара қатысушылары ұжым абыройын биіктетіп, марапаттарға ие болған әріптестерін құттықтап, естелік суретке түсті.