04.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбек ардагерлеріне құрмет

 

     Жыл сайын 1 қазанда елімізде  Қарттар күні атап өтіледі. Атаулы мереке қарсаңында «МАЭК» ЖШС жергілікті кәсіподағының төрағасы Мұрат Ізбаев және кәсіпорындағы Ардагерлер кеңесінің мүшелері Ольга Шабунина мен Айман Өтекова комбинаттың бұрынғы қызметкерлері, еңбек ардагерлері Владимир Тропин мен Георгий Троценконың үйіне барды.

    Биыл Владимир Александрович Тропин 96 жасқа толды, ал Георгий Матвеевич Троценко одан төрт жас кіші. Комбинат  өкілдері қарттарға кәсіпорын жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Ардагерлер ұжымның атынан келген қонақтарға құрметті демалыстағы қарттарын ұмытпай, арнайы келіп құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.