Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында кәсіпорынның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. «МАЭК» ЖШС Бас директоры Кеңес Орақов кәсіпорында ұзақ жылдар адал еңбек еткен бірнеше қызметкерге кәсіби шеберліктері үшін Алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік жиында марапатталған қызметкерлер өздерінің нәтижелі еңбегімен ерекшеленген және комбинаттың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтар. Олар ұжымдағы жастарды мамандыққа баулып, жеке жетістіктерге ынталандырып, мол тәжірибе жинауға ықпал етіп жүрген білікті мамандар.
Салтанатты жиында бас директор марапат иелерін мерекемен құттықтап, игі тілегін арнады. Сонымен қатар, өндірістік жабдықтарды жаңартып, жаңғыртуға байланысты кәсіпорын қызметкерлері алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталып, бұл кешенді жоспарларды қашанда ортақ мүдде үшін аянбай еңбек ететін ұжымның ойдағыдай жүзеге асыратынына сенім білдірді.
Шара соңында марапатталушылар да еңбектерін елеп, бағалағаны үшін басшылыққа өз ризашылықтарын жеткізді.