22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары тағайындалды

 

       Бүгін кәсіпорынның басшылық құрамы «МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған Қошмағамбетова Жанат Сәтқалиқызымен танысты.

Жанат Сәтқалиқызы Алматы халық шаруашылығы институтының Маркетинг және коммерция факультетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының (Алматы қ.) толық курсынан өткен. 

     Еңбек жолын облыстық мәдениет басқармасының орталықтандырылған бухгалтериясында бухгалтер-кассир болып бастады Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы 10 жыл бойы Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды.