20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» ЖШС Бас директоры тағайындалды

 

5 шілдеде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев кәсіпорын ұжымына «МАЭК» ЖШС жаңа басшысы Кеңес Орақовты таныстырды.
Кеңес Орақов еңбек жолын 1989 жылы Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» ААҚ-да экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, одан әрі экономист, жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.
Сондай-ақ Рудный, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Ақтау қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылық лауазымдарында болды. 2010 жылдан бастап «ҚазАзот» АҚ Бас директоры қызметін атқарды. 2019 жылы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.
Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорынның жаңа басшысының алдына өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, алдағы жылу маусымына дайындық, сондай-ақ комбинатты жаңғырту бағдарламасын жалғастыруға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды.