22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі

Ақтауда жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын жылу желілерін жоспарлы түрде реконструкциялау жұмыстарына байланысты жазда ыстық су тоқтатылады деп күтілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин хабарлады.

Спикердің айтуынша, жоба 2024 – 2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы 7,9 шақырымға реконструкциялау жоспарланды. Бүгінгі таңда жылу желілерінің тозуы 79% құрап отыр.

– 2023-2024 жылдардағы жылу маусымы барысында  бірқатар авариялық  жағдайлар орын алды. Бұл жылумен жабдықтау сапасына айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Тұрғындарды жылумен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету үшін магистральдық және қалаішілік жылу желілерін қайта жаңарту қажет, – деді Серікқали Қанапин.

Жылу маусымы  аяқталар кезде ағымдағы жылдың 10-12 сәуірінде қала аумағында жылу желілерінің температуралық сынақтары өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша 42 авариялық жағдай тіркелді, олар бойынша тиісті шаралар қабылданып, қысқа мерзімде жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

– Жылу маусымы басталғаннан бері тозу деңгейі жоғары инженерлік желілерде 667 ақау анықталды. Оның ішінде 49 ақау магистральдық тарату желілерінде, 618 ақау қалаішілік жылу желілерінде орын алды. Барлық анықталған ақауларды «Каспий жылу, су арнасы» МКК қызметкерлері жөндеп, тиісті жұмыстар жүргізді. Ақаулардың көбеюі себепті  «МАЭК» ЖШС және «Каспий жылу, су арнасы» МКК тиесілі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Жұмыстар «Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту және салу»  жобасы аясында жүргізілуде», – деп түсіндірді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов.

– Кәсіпорыннан басталатын жылу желісінің магистральдық құбырлары ауыстырылады. Бұрын жылу желісінің магистральдық құбырында  мұндай жаңартулар жүргізілген жоқ, тек құбырдың ақау шыққан учаскелерінде ғана жөндеу жұмыстары жүргізілетін. Осы жылу желілерін ауыстыру жұмыстары нәтижесінде қыс айларында жылуды үздіксіз беруге  мүмкіндік жасалады – деді «МАЭК» ЖШС Бас директорының өндіріс және БН-350 РҚ жөніндегі бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.