25.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Басты тақырып – жастарды жұмыспен қамту

Yessenov University-де «МАЭК» ЖШС Адам ресурстарын басқару департаменті, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің және университет жанында жұмыс істейтін Мансап орталығы басшыларының кездесуі болып өтті. 

Іс-шараның мақсаты -  оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру.

Дөңгелек үстел барысында «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» субсидияланатын бағдарламалары арқылы жастарды  кәсіпорындарға жұмысқа тарту мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ, «Ұрпақтар келісімшарты» мемлекеттік жобасы арқылы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің маңыздылығы әңгіме болды. Бұл ретте университет пен облыстың ірі кәсіпорындарының басты міндеті өзара ынтымақтастықты кеңейту және оқу орындарының түлектері мен студенттерін жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Аталған бағдарламалар түлектерге тұрақты жұмысқа орналасуға дейінгі кезеңде оқыған білім беру бағдарламасына сәйкес тәжірибе жинауға кең мүмкіндіктер береді. Өз тарапында, МАЭК өкілдері  кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінде  «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушы жас мамандардың тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасайтынын және тәжірибеден сәтті өткен жастарды кәсіпорынға  жұмысқа қабылдау мүмкіндігін қарастыратынын  атап өтті.