22-26 сәуір аралығында Ақтау қаласының магистральдық және жылу тарату желілеріне «МАЭК» ЖШС-гі «КЖСА» МКК-мен бірлесіп жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізетін болады. Осы уақытта аралығында қалаға ыстық су беру тоқтатылады.
Сынақ жүргізу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жылу желілерінің құбырларына 10 метрге дейінгі жерге жақын келмеуіңізді сұраймыз.
Шағын аудандар ішіндегі жылу желілерінде құбырлардан су кетіп, жарылғанын байқаған жағдайда:
- «КЖСА» МКК-ға – 60-53-16, 60-53-22
- магистральдық жылу желілері бойынша – «МАЭК» ЖШС-не 561-498, 561-418 телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.