23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Құйылыс – Меловое» кен орнында су құбырын реконструкциялау: Маңғыстаудағы су тапшылығын қалай шешеді

18 сәуір күні Нұрлан Ноғаевқа «Құйылыс – Меловое» су құбырын реконструкциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданында, облыс орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан «Құйылыс» жерасты сулары кен орнына барды. Мұнда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының орталық сумен жабдықтау торабына (ЦУВС-1) су жеткізуді жүзеге асыратын станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, 30-дан астам адам жұмыс істейді.

Ақтау қаласының тұрғындарын сумен қамтып, орталық сумен жабдықтау торабына (ЦУВС-1) түсетін техникалық су көлемін ұлғайту үшін, сондай-ақ «Каспий» тұщыландыру зауытын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Альянс-ЛТД» ЖШС ұзындығы 46 шақырым құбырды реконструкциялады.

Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері жұмыс істеп тұрған және жаңармаған ескі құбырлары реконструкцияланады.

«Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 46 шақырым учаскеде 28 шақырым құбыр орнатылды. «Құйылыс» кен орнынан МАЭК-ке және «Каспий» тұщыландыру зауытына дейін тартылатын су құбыры реконструкцияланып біткен соң облыс орталығындағы техникалық судың көлемі едәуір артады», – деді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түрікменбаев.

Жобаның құны шамамен 18,4 миллиард теңгеге бағаланады. Жобаны іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен қосымша 5,5 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы су ресурстары және ирригация Министрлігіне 5,1 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берді.

Су құбырын реконструкциялау жөніндегі жоба уақтылы қаржыландырылса, жұмыстар 2024 жылдың жазында аяқталады деген жоспар бар.

Нұрлан Ноғаев су құбырын реконструкциялау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Жұмыстың сапасына ерекше назар аудару керек.