«МАЭК» ЖШС басшылығы Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Шаңытбай Мұсаұлы Есенғалиевті құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Рахимов Шаңытбай Мұсаұлына көп жылғы адал еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін ұжым атынан Алғыс хат табыстады.
Комбинат басшысы еңбек ардагері өмірінің жаңа кезеңіне зор денсаулық, сәттілік, бақ-береке, отбасы амандығын тіледі.
Шаңытбай Есенғалиев еңбек жолының 40 жылын Маңғыстау облысының энергетика саласын дамытуға арнады. Бүгінде ол бақытты әке, немерелеріне сүйікті ата, ұжымдастарының құрметіне ие әріптес.
Өз кезегінде, Шаңытбай Мұсаұлы бас директор Қайрат Рахимовқа құрмет көрсеткені үшін ризалығын білдіріп, кәсіпорын мен Маңғыстау өңірінің игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс тіледі.