26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 29 наурызда кәсіпорынның Комплаенс-қызметі Радиациялық технологиялар және техникалық диагностика орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді азайту болып табылады.

Кездесу барысында Комплаенс қызмет мамандары Бақылау кеңесінің тікелей бағынысындағы бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін құрудың себептері мен алғышарттары туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, бөлімше қызметкерлеріне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ, кез келген қызметкердің 64-266 жедел желісінің телефон нөмірі арқылы және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы кәсіпорынның басшылығына немесе тікелей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне хабарласуға болатыны туралы ескертілді.

– Келіп түскен әрбір шағым комплаенс - қызметінде қаралатын болады. Мамандар құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша тиісті іс-шаралар өткізетін болады. Шағыммен жүгінген қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында құпиялылық пен қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті талдау бөлімінің басшысы Евгений Филиппов.

Бұл комбинаттағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің алғашқы қызметтік кездесуі емес. Мұндай іс-шаралар кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде тұрақты негізде өткізіліп келеді.