15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жаңашыл ұсыныстары үшін марапатталды

Бүгін Басқарма төрағасы  – «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахимов ЖЭО-1 бір топ қызметкерлерін  су жинау каналын тазалау жұмыстарын тиімді атқаруға септігі тиген инновациялық ұсыныстары үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Бастамашыл топ каналдағы теңіз суының лайлануын азайту үшін топырақ қопсытқыштың механикалық фрезасын гидравликалық фрезаға ауыстыруды ұсынды. ЖЭО-1 қызметкерлері ұсынған қондырғы қазірдің өзінде іске қосылып, жұмыс істеп тұр және өз жемісін беруде. Біздің әріптестеріміздің инновациялық шешімінің арқасында қазіргі уақытта каналда тазартылған теңіз суы ЖЭО-1-дің технологиялық қажеттіліктеріне, сондай-ақ «Каспий» су тұшыту зауыты» ЖШС-не ауыз су дайындау үшін бастапқы су ретінде берілуде.

– Сізге өте маңызды әрі өндіріс жұмысында  өзекті болып табылатын жаңашыл ұсынысыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Өңір тұрғындарын ауыз сумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Сіздер ұсынған тиімді жоба бізге жұмысты тоқтатпай, оны жалғастыруға мүмкіндік берді. Бүгінде әлем дамуы  бір орында тұрған жоқ,  бүкіл өндірістің тиімділігіне, сондай-ақ үлкен шығындарды үнемдеуге бағытталған, біздің өміріміз бен жұмысымызды әлдеқайда жеңілдететін көптеген ғылыми шешімдер бар. Кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің түрлі инновациялық идеяларын үнемі қолдайтын болады, – деді Қайрат Рахимов өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, ЖЭО-1 су жинау каналында судың қажетті деңгейін ұстап тұру үшін оның түбін Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде пайда болған тұнба шөгінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ уақыт бойы жұмыс барысында  лайланудың жоғары болуына байланысты жер снарядының жұмысы қиындап,  салдарынан «Каспий» су тұшыту зауытының да жұмысында кедергілер пайда болды. Жер снаряды жұмысының тоқтауына байланысты су жинау каналын тазарту кестесінің бұзылуы орын алған болатын. МАЭК қызметкерлерінің ұсынылған инновациялық шешімінің арқасында каналды тазарту жұмыстары  жалғастырылуда.