26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ЖЭО-2 арнасын тазарту жобасы ұсынылды

Бүгін «МАЭК» ЖШС ЖЭО-2 су жинау каналын «Риксос» көпірінен каналдың басына дейінгі учаскедегі тұнба шөгінділерінен тазарту жобасы қоғамдық тыңдауға ұсынылды.

Ұзындығы 3,6 км су алу каналының негізгі қызметі – Каспий акваториясынан ЖЭО-2 теңіз сорғысына су беру. Ол түбі тегіс әрі берік саз топырақты ойық және беткейлері арнайы бекітпелерсіз жерде орналасқан.  Соңғы жылдары Каспий теңізі тез таязданып, канал түбінде шөгінділер тұнбасының көбеюі себепті су өткізу мүмкіндігі азаюда. 

Қоғамдық тыңдаудағы жұртшылыққа ұсынылған жобаның мақсаты қолданыстағы су жинау арнасын тұнба қабаттарынан тазарту болып табылады. Бұл теңіз кіреберісінен көпірге дейінгі учаскедегі арнаның су өткізу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі дейді мамандар.

Жобаны әзірлеуші «Уралводпроект» ЖШС тазарту жұмыстары барысында атмосфераға ластаушы заттардың теріс әсерін азайту бойынша барлық технологиялық процестерді оңтайландыру мен кешенді автоматтандыруды қамтитын бірқатар іс-шараларды ұсынды.

– Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылатын жоба шеңберінде көзделген шаруашылық қызметтен жер асты суларына, жер ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне теріс әсер ету болжанбайды, – деді «Уралводпроект» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Альфия Ғабдуллина.

Жоба арнаның өткізу мүмкіндігін сағатына кемінде 200 000 м³ жеткізуге мүмкіндік беретін арнаның түбін тазалау жұмыстарын көздейді.