25.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Автокөлік басқармасында жаңа басшы

Бүгін «МАЭК» ЖШС Автокөлік басқармасының директоры лауазымына Жақсығали Қаршығаұлы Құдайбергенов тағайындалды. Басқарма төрағасы - «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахимов жаңа басшыны ұжым мүшелерімен таныстырып, кәсіпорын қызметінде маңызды орын алатын бөлімшенің жұмысын жандандыратынына сенім білдірді.
Жақсығали Құдайбергенов жоғары білімді, еңбек жолын Шевченко мұнай базасында ЖМҚС операторы қызметінен бастады.


Әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ еркін өкілдігінің төрағасы, «Мұнайшылар қорғаны» кәсіподақ төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2014-2023 жылдары «OIL Construction Company» ЖШС, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС, «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-де жұмыс істеді.


Жақсығали Құдайбергенов 1999-2003 жылдары екінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ 2003-2007 жылдары үшінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының депутаты болды.