Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Өңірдің қарқынды дамуы мен халық өсімінің артуы жаңа қуат көздерінің қажеттілігі мәселесін өткір қойып отыр. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «МАЭК» ЖШС жабдықтарын жаңарту қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты кәсіпорынды жаңғырту, сондай-ақ жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бағдарламасы пысықталды.
Түркиядан келген «ENPRODE Engineering & Construction» компаниясының өкілдері «МАЭК» ЖШС басшылық құрамын өндірістік талаптарға сәйкес келетін қуаты 180 МВт дейінгі аралас циклді бу-газ қондырғысының жобасымен таныстырды. Компания қызметкерлері оның техникалық сипаттамаларын ұсынды, артықшылықтары туралы айтты және облыстың электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде Бу-газ қондырғысын кезең-кезеңімен салуға да дайын екендігін хабарлады. «ENPRODE Engineering & Construction» компаниясы өкілдерінің пікірінше, бұл жоба энергокомбинат үшін өте маңызды болады және оның дамуына өз үлесін қосады.
Екіжақты кездесу барысында тараптар мәселені техникалық тұрғыдан пысықтауды жалғастыруға және қаржыландырудың қолайлы тетіктерін қарастыруға келісті.