15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ЖЭС энергия блогын жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталды

24 қаңтарда «МАЭК» ЖШС ЖЭС жедел персоналы турбоагрегат тірегіндегі дірілдің артуына байланысты №1 энергоблокты  мәжбүрлі түрде тоқтатқан болатын. Өңірде туындаған энергия тапшылығына байланысты мұнай саласындағы ірі тұтынушыларды  шектеуге тура келді.

 

Электр станциясының мамандары ақау себебін анықтаған кезде, төмен қысымды цилиндрдің 31 сатысындағы қалақшаның үзілгенін анықтады. Қалыптасқан жағдай  ерекше бақылауға алынды.    Комбинат қызметкерлері ақауды тезірек қалпына келтіруге күш салды. Нәтижесінде, энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.

 

27 қаңтарда №1 энергия блогы жұмысқа қайта қосылды, оның жүктемесі 150 МВт құрайды. Маңғыстау облысы тұтынушыларына «МАЭК»ЖШС тарапынан электр және сумен жабдықтауда шектеулер жоқ.