17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбегімен еленген

Кәсіпорында үш мыңнан астам қызметкерлер халық игілігі үшін біркісідей жұмылып   еңбек етуде. Олардың әрқайсысы күндіз-түні дамылсыз қызмет ететін кәсіпорынның дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген жандар.

Солардың қатарында комбинаттағы ең ірі ұжым Жөндеу зауыты бөлімшесінің қызметкері Салауат Қауанұлы Сартпанов та бар. Ол кәсіпорында табан аудармастан 37 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінде ол зауыттың №2 орталықтандырылған  жөндеу цехындағы тәжірибелі бригадирлердің бірі. Ұжымға соңғы келген жас мамандардың біразы осы Салауат ағаларының қарамағында еңбекке төселіп, мамандықтарының қыр-сырына үйренуде. 

Қазан айында біздің әріптесіміз Ел Президентінің Жарлығымен энергетика саласындағы көпжылдық табысты еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Өткен айда  ҚР Энергетика министрлігінде өткізілген марапаттау рәсіміне Салауат Қауанұлы сырқатына байланысты қатыса алмаған болатын. Денсаулығын түзеп, емін аяқтап келген соң оған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Үкіметтің жоғары марапатын құрметпен табыстады.

Еңбегі жоғары бағаланған әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз!