15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әйелдер клубының жұмысы жалғасуда

Қазан айында «МАЭК» ЖШС-гі  «QUATTY Arular» әйелдер клубы атқару комитетінің кезекті жиналысы болып өтті.

 

Алдымен KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының VI форумына қатысып келген маэктік қыз-келіншектер әріптестерімен өз әсерлерімен бөлісті. Олар қызықты іс-шараның жарқын эмоцияларынан басқа, форумда сөз алған спикерлерден көптеген пайдалы ақпарат алып, жаңа таныстар тапқаны туралы әңгімеледі.

 

Жиынның күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қаралды.  Солардың бірі «QUATTY Arular» әйелдер клубының жаңа төрағасын қайта сайлау болды. Айта кетейік, клубтың бұрынғы басшысы Эльмира Байдильдинова басқа жұмысқа ауысқан болатын. Кәсіпорында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жоспарлау департаментінің жетекші экономисі Гүлмира Төлегенова бірауыздан жаңа төраға болып сайланды. Оның орынбасары болып  Пайдалану және жөндеу департаментінің технологиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Татьяна Лавриненко тағайындалды.

 

Кеңес барысында сондай-ақ, клубтың атқару комитетінің құрамын комбинат бөлімшелері қызметкерлерімен толықтыру туралы шешім қабылданды. Бұл, клуб мүшелерінің пікірінше, әйелдердің өзара қарым-қатынасы, іс-тәжірибе алмасу және кәсіпорын қызметкерлері үшін өзекті жаңалықтармен бөлісу үшін құрылған  «Quatty Arular» клубының бастаған жұмыстарын жемісті жалғастыруға көмектеседі.

 

Жиналыс барысында ағымдағы жылдың III тоқсанына арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.