«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бастапқы құнымен 12а ш/а жер учаскесін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды:
№ п/п |
Атауы |
Кадастрлық нөмірі |
Бастапқы құны (теңге) |
1 |
Жер учаскесі № 5 (12А ш/а) ауданы 0,2000 га |
13 200 020 162 |
24 664 000 |
Ең тиімді баға мен сатып алу шарттарын ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз болады.
Сауда-саттыққа келесі құжаттарды ұсынған барлық әлеуетті сатып алушылар жіберіледі:
- уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болжамды бағасы бар қатысуға өтінім (коммерциялық ұсыныс);
- қатысушының жеке басын растайтын құжаттар (жеке тұлға үшін);
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлға үшін);
- жеке кәсіпкер куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер бар құжаттар: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; типтік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- үшінші тұлғаның атынан осы іске асыруға қатысу құқығын растайтын құжат (сенімхат);
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ 7, 65 ғимарат, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС комбинат басқармасының кеңсесі.
Өтінімдер конвертте жабық түрде ұсынылады, мұнда алдыңғы бетінде «12А ш/а жер учаскесін сату бойынша сауда-саттық» деген белгісі бар әлеуетті сатып алушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 жылдың 23 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін.
Өтінімдер 2018 жылғы «24» қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқармасының ғимаратындағы №100 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 564-091.