Үлкен өмірге аяқ басар шақта әрбір жеткіншектің көкейіне терең ой салар маңызды мәселе бұл. Өзі қалаған мамандықтың иесі болып, сол салада ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шығу әр адамның арманы. Мамандығын жазбай таңдап, білім алып, қоғамның белсенді бір мүшесіне айналу әрбір жастың басты мақсаты.
Ел Президенті Жолдауында қойылған жетінші міндеттің бір тармағында: «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек» делінген. Осы орайда, «Азия баспасөз орталығы» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу және Білім министрлігінің қатысуымен жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, маңыздылығын ұқтыру бағытындағы «Өмірлік таңдау» республикалық жобасын жүзеге асыруды бастады. Жоба еліміздің 5 өндірісті облысында өткізіліп, оқушыларға экскурсиялар, мұғалімдерге тренингтер ұйымдастырылуда. Жұмысшы мамандықтарын таныстыру, мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру жобаның негізгі межесі.
Осы жоба аясында 15-16 ақпанда мектептердің 9-шы сынып оқушылары Ақтау қаласының ірі өндірістік кәсіпорындарын аралап, кәсіпке бағдарлау саяхаттарына қатысты. Екі күн бойы 300-ден аса оқушы кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен, жұмысшылардың күнделікті қызметімен танысты. Бір топ жоғары сынып оқушылары «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС –де болып, комбинатта көп жыл қызмет етіп келе жатқан Сардарбековтер еңбек династиясы өкілдерімен кездесті. Олар жастарға мамандықты дұрыс таңдаудың, еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастаудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
«Осы жоба аясында алдымен ұстаздар 8-10 сынып оқушыларына, олардың ата-аналарына кәсіби бағдар беруді жүргізу тренингтерінен өткізіледі. Одан әрі ұстаздар үлкен аудиторияларда осындай жұмыстарды жалғастыруы тиіс. Бұған дейін бұл жоба екі облыста жүзеге асырылды. Ұстаздар да, оқушылар да риза. Көптеген абитуриенттің мамандықты дұрыс таңдауына атсалыстық деп ойлаймын»,-дейді жоба менеджері Сұлтан Темірлан.
Бастама Президенттің «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасымен үндес. Осы маңызды екі жобаның аясында жастар өздерінің өмірлік таңдауын жасап, арман асқарына аттанбақ.
«Өмірлік тандау» в Мангистау
В Мангистауской области прошли профориентационные экскурсии на производственных предприятиях для учащихся старших классов общеобразовательных школ. В течении двух дней около 300 учеников 9-х классов посетили ряд крупных предприятий г.Актау, в том числе и ТОО «МАЭК-Казатомпром».
В информационно-методическом центре состоялась встреча с представителями трудовой династии Сардарбековых. В ходе беседы с молодыми людьми они разъяснили школьникам важность в выборе будущей специальности, рассказали о своем рабочем опыте и ответили на интересующие учащихся вопросы.
Ребята также наглядно познакомились с производственным процессом энергопредприятия – производством дистиллята и приготовлением питьевой воды.
Республиканский проект «Өмірлік тандау» направлен на популяризацию и формирование положительного имиджа рабочих профессий. По словам организаторов, работа проекта прошла уже в Южно-Казахстанской и Павлодарской областях. Всего же проект будет реализован в пяти приоритетных регионах страны. Одной из главных его целей является увеличение количества представителей технических специальностей, а также правильное направление старшеклассников в выборе будущей профессии.
- Необходимо создать такую атмосферу, чтобы молодежь не делала ошибок при выборе специальности. Есть профессии, в которых наблюдается дефицит работников, нужно его заполнить. Надеемся, что поможем будущим студентам найти свой путь, - говорит Султан Темирлан, менеджер проекта.
Проект «Өмірлік тандау» был разработан Общественным фондом «Пресс Центр Азия» при поддержке Министерства образования и науки Республики Казахстан. Продлиться он до конца текущего учебного года.