17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кешенді штабтық жаттығу сәтті өтті

«МАЭК» ЖШС аумағында кешенді штабтық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуды өткізуге кәсіпорынның бірнеше бөлімшелері жұмылдырылды. Іс-шараны кәсіпорынның Қауіпсіздік департаментінің Жұмылдыру жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырды. 

         Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - объектінің азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыруды ұйымдастыру бойынша кәсіпорынның басшылар құрамының білімі мен дағдыларын жетілдіру, азаматтық қорғаныс жоспарының шынайылығын тексеру. Сонымен қатар, кәсіпорын бөлімшелеріндегі құлақтандыру, дабыл жүйелерін техникалық тексеру, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқарудағы командалық-басшы құрамның дағдыларын арттыру.

         Оқу-жаттығу үш кезеңде өтті:

1. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындау;

2. Төтенше жағдайлар кезінде апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау;

3. Эвакуациялық іс-шаралар.

         Штабтық оқу-жаттығулар «МАЭК» ЖШС ЖЭО-2 аумағындағы 210 ғимаратта, Қойма шаруашылығы, БН-350 РҚ, ДӨжӨЖСЖЗ бөлімшелерінің аумағында өткізілді. Жаттығу барысында дабыл даусын естеп далаға шыққан бөлімше қызметкерлерін дереу қауіпті аймақтан эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

         «Біз кез келген жағдайға әрқашан дайын болуымыз керек. Мұндай жаттығуларды өткізу кезінде біздің комбинаттың барлық бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі тексеріледі»,-деп түсіндірді Азаматтық қорғаныс штабының басшысы-II санатты Азаматтық қорғаныс жөніндегі маман Петр Лондарев.

         Өткізілген оқу-жаттығу шарасы қойылған міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамының практикалық дағдылары мен іс-қимылдарын дамытуға ықпал етті.

         Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша штабтық жаттығу жетекшісі – Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары Мұрат Иғалиев кәсіпорынның азаматтық қорғанысын қалыптастыру міндеттерінің орындалысына оң баға берді.