«МАЭК» ЖШС 26.05.2023 жылы 2022-2023 ж.ж. жылу кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттелетін қызметтің құнын қайта есептеу бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (ТМРКД)-не жіберілгенін хабарлайды.
Қазіргі уақытта ТМРКД ұсынылған есептеулерді қарастыруда. Жылу кезеңінде тұрғындардың жылу энергиясын толық алмағаны анықталса қайта есептеу жүргізілетін болады, бұл туралы қосымша хабарлаймыз.