23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа қабылдаған квазимемлекеттік сектор басшылары жауапкершілікке тартылады»

      Бұл туралы «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС өкілдерімен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы бірінші орынбасарының м.у.а Біржан Хайруллин айтты.

  Кездесуде спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы айтты.

   «Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады,» деді Біржан Хайруллин.

        Бұдан бөлек, қатысушыларға комплаенс қызметі туралы айтылды.

   «Квазимемлекеттік ұйымдар комплаенс институтының жұмысына мүдделі болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, комплаенс маман компанияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізуге міндетті. Ішкі талдау жұмыстары барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі және нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау керек. Оның ішінде, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен өтініштерді қарау, рұқсат беру, тексеру функцияларын іске асыру сияқты бағыттар қамтылуы тиіс. Ішкі талдау кемінде жылына бір рет жүргізіледі», - деді спикер.

  Егер, Сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.