26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сенаторлар МАЭКте

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Серікбай Трұмов «МАЭК» ЖШС-не келіп, өндірістік нысандарды аралады. Кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев сенаторларды энергокомбинат жабдықтарының қазіргі жай-күйімен таныстырып, оларды жаңартып, жаңғырту  жоспарлары туралы әңгімеледі.

Халық қалаулылары өңірлерге сапарларының басты мақсаты - елдің энергия өндіретін объектілеріндегі проблемалармен нақты танысып, қордаланған мәселелерді Үкімет пен Орталық министрліктер деңгейінде шешу екендігін атап өтті.

- Біздің міндетіміз - Үкіметке, министрлікке қаржылық немесе құқықтық мәселелерге көмектесу. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін жазғы кезең басталады. Ал сапалы сумен жабдықтау мәселесі біздің өңір үшін өзекті. Халықтың әл ауқатын көтеруде басты орын алатын энергия өндіруші кәсіпорындардың мәселелерін бірлесіп және кешенді түрде шешу, - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев.

Естеріңізге сала кетейік, екі Палатаның депутаттары энергетика саласын кешенді реформалау және жылу энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау мәселелерін шешудің бірқатар жүйелі ұсыныстарын айта отырып, өңірлердегі энергия жабдықтары мен таратушы желілердің тозуы мәселелерін бірнеше рет көтерген болатын.