Құрметті тұтынушылар мен серіктестер!
2022 жылғы 28 желтоқсанда меншік иесінің ауысуына және атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілгенін хабарлаймыз. 100% жарғылық капиталға қатысу үлесі республикалық меншіктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС атауы және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қысқартылған атауы «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС және «МАЭК» ЖШС болып өзгертілді.
Бұл өзгерістер міндеттемелердің өзгеруіне немесе тоқтатылуына себеп болмайды. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС өңіріміздің игілігі үшін жаңа атаумен өз жұмысын жалғастыруда.
«МАЭК» ЖШС әкімшілігі