26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

MAЭК 2022 жылдың IV тоқсанына он төрт компаниямен келісімшарт жасады

       2022 жылғы 30 қыркүйекте «МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де орталық және жергілікті атқарушы органдардан шақырылған бақылаушылардың қатысуымен 2022 жылдың IV тоқсанына электр энергиясын сатып алу жөніндегі энергиямен жабдықтаушы мекемелерден келіп түскен өтінімдерді  қарау  комиссиясының кезекті отырысы өтті.

       Сатып алушылар мен тұтынушылардың өтінімдерін объективті қарау үшін құрылған арнайы комиссия оған сәйкес төлемге қабілетсіз сатып алушылармен және тұтынушылармен көтерме сауда нарығында шарт жасасудан бас тарту негізі қарастырылған «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы шеңберінде жұмыс істейді.  

       Комиссия мүшелері Батыс Қазақстанның 3 өңірінен 15 мекеменің өтінімдерін қарады, оның 5-і Маңғыстау облысында жұмыс істейді. Комиссия 14 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, 1 мекеменің өтініші кері қайтарылды.

       Осылайша, комиссия Маңғыстау облысының келесі компанияларымен электр энергиясын сатып алуға шарт жасасу туралы шешім қабылдады:

р/с

Сатып алушылар атауы

1

«Түпқараған электр жүйесі» МКК

2

«Prime Energy Resources» ЖШС

3

«РКЦ-энергия» ЖШС

4

«Теміржолэнерго» ЖШС

5

«Мангистау Энерго Сервис» ЖШС

6

«Альянсэнергосбыт» ЖШС

7

«Батысэнергоресурсы» ЖШС

8

«МаңғыстауЭнергоМұнай» ЖШС

9

«Адал» ЖШС

10

«Коммуналдық қызмет» МКК

11

Маңғыстау ауданының әкімдігінің «Дария» МКК

12

Қарақия ауданы әкімдігінің шаруашылық құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» МКК

   13

«АЭЖБ» МКК

        Комиссия «Маңғыстау Жарық» ЖШС энергиямен жабдықтаушы компаниясының   өтінімін қарау кезінде олардың кәсіпорынға 1,5 млрд.теңге дебиторлық берешегін  2022 жылдың 14 қыркүйегіне дейін өтеуге міндеттенгендігін  ескерді.

        «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің Ақтау қаласы мен оған іргелес аудандардың тұрғындары үшін электр энергиясын сатуды қамтамасыз ететін Маңғыстау облысы бойынша электр энергиясын кепілді жеткізуші ретіндегі мәртебесін назарға ала отырып, комиссия олармен шарт жасасу туралы шешім қабылдады.

                                                                                                                                                                                   «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС