24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтау

Қадірлі әріптестер!

Сізді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша қазақстандықтардың бүгінгі таңдағы басты жетістігі - бейбітшілік, ұлтаралық татулық және діндераралық келісім болып табылады. Ең маңыздысы - қоғамымызда еліміздің тәуелсіздігін одан әрі баян етіп, іргесін бекіте түсетін  бірлік пен ынтымақтастық берік орнаған. Қазақстанның әр азаматы өркендеу мен өсуге, бақыт пен байлыққа жеткізер осынау қасиетті ұғымдардың қадір-қасиетін терең сезінеді. Бүгінде елімізді мекен еткен жүздеген ұлт өкілдері  жарқын болашақ, жаңа Қазақстанды бірге құруға жұмылуда.

Облыс тұрғындары мен өндірісі үшін  аса маңызды тіршілік ресурстарын өндіретін біздің кәсіпорында 32 ұлттың өкілдері өзара сыйластық пен бірлікте еңбек етеді. Комбинат ұжымы мерекелі  айды жоғары еңбек жетістіктерімен қарсы алып, тұтынушыларды су, жылу, электр энергиясымен  үздіксіз қамтуда.

Баршаңызға  бейбітшілік пен молшылықта,  достық пен татулықта  отанымыздың, туған жеріміздің одан әрі гүлдене беруі үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық демекпін! Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен, Бас директор                                                              Т. Есентүгелов