22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ақтау қаласына ауыз су беру қалпына келтірілді

Жыл сайын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бөлімшелерінде пайдаланылатын жабдықтарды аттестаттау жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.

Бүгінгі күні ДӨжӨЖСЖЗ-дағы 8 су тұшыту қондырғыларының 7-уі жұмыс істеп тұр. ДОУ-11 (дистилляциялау-тұшыту қондырғысы) тұшыту қондырғысы 2022 жылғы наурыздан сәуір айына дейін күрделі жөндеуде (17.03.22 ж. бастап 20.04.22 ж. дейін).

1 сәуірде алдын-ала берілген тапсырысқа сәйкес, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін, Ақтау қаласының жоғарғы және төменгі аймақтарына, ОСЖТ-3-тен (Орталық сумен жабдықтау торабы) қоректендірілетін ОСЖТ-3 және ОСЖТ-2 шығындарды өлшеу тораптарына мерзімді аттестаттау жүргізу үшін ауыз су беру уақытша өшірілді.

1 сәуір сағат 18.00-де аттестаттау жұмыстары аяқталғаннан кейін Ақтау қаласындағы құбырларды толтыру және сумен жабдықтауды қалпына келтіру  үшін ОСЖТ-2 және ОСЖТ-3 ауыз су сорғылары іске қосылды.

1 сәуір күні сағат 23.20-да ОСЖТ-3 бас сорғысы станциясының арынды су ағатын коллекторында ақау пайда болды, сол себепті сорғылар тоқтатылды. Авариялық бригада шақырылып, ақауларды жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

2 сәуірде сағат 06.15-те ОСЖТ-3 бас сорғы станциясының арынды су ағатын коллекторындағы ақаулар жойылып, сорғылар іске қосылды.

Сол күні сағат 10.00-де Ақтау қаласын сумен жабдықтау қалпына келтірілді.

3 сәуір  00.00 сағатта  ЦНА-2 айналым сорғысының ажыратылуына байланысты (сорғы білігі кесілген), сондай-ақ өндірілетін дистиллят сапасының нашарлауына байланысты ЦНА-2 сорғысын ауыстыру және дистиллят жолын сығымдау үшін ДОУ-8 тұшыту қондырғысы тоқтатылды (тоқтағанға дейінгі өнімділігі 345 т/сағ дейін).

3 сәуір сағат 14.00-де ДОУ-8-де жөндеу жұмыстары аяқталды, іске қосу операциялары басталды. Су тұшыту қондырғыларын іске қосу және қалыпты жұмыс режиміне шығу 10-12 сағатқа созылады, шамамен іске қосу және су беру уақыты 04.04.22ж. 02.00 сағат.

3 сәуір күні сағат 15.30-да ОСЖТ-2 резервуарларындағы су деңгейлерінің төмендігіне және ауыз суды айдау сорғыларында пайда болған ақауға байланысты резервуарларды толтыру үшін Ақтау қаласына 03.04.2022 ж.сағат 22.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Ақтау қаласының шағын аудандарына ауыз су беру сағат 07.00-де қалыпқа келтірілді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС