25 наурызда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де орталық және жергілікті атқарушы органдардан шақырылған байқаушылардың қатысуымен Энергиямен жабдықтау ұйымдарының 2022 жылдың II тоқсанына электр энергиясын сатып алу жөніндегі өтініштері қаралған комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Сатып алушылар мен тұтынушылардың өтініштерін объективті қарау үшін құрылған арнайы комиссия «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының шеңберінде жұмыс істейді, оған сәйкес төлемге қабілетсіз сатып алушылармен және тұтынушылармен көтерме сауда нарығында шарт жасасудан бас тарту үшін негіз көзделген.
Комиссия мүшелері Батыс Қазақстанның 3 өңірінен 17 ұйымның өтінімдерін қарады, олардың 8-і Маңғыстау облысында жұмыс істейді. Комиссия 13 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, 4 ұйымнан бас тартты.
Осылайша, 2022 жылдың 2-ші тоқсанына Маңғыстау облысының келесі компанияларымен электр энергиясын сатып алуға шарттар жасалды:
- «Альянсэнергосбыт» ЖШС;
- «Актауэнергосбыт» ЖШС;
- «Маңғыстау Жарық» ЖШС;
- «MangistauEnergoMunay» ЖШС;
- «Теміржолэнерго» ЖШС.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС