25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

Қымбатты Арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз – бәріміздің жүрегімізге жылулық ұялатып, ерекше сезімге бөлейтін шуақты мереке. Ең әдемі, ең жарқын көктем мерекесінде сіздердің әрқайсыңыздың  шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Облыс экономикасының дамуы мен өңіріміздің өркендеуінде басты роль атқаратын біздің кәсіпорынның қызметіне ұжымның әйелдер қауымы  үлкен үлес қосуда. Сіздерге ерлермен қатар атқарып жүрген абыройлы қызметтеріңіз үшін алғысымды арнаймын!  Сонымен қатар біздің қыз-келіншектер өз отбасыларының бақытына ұйытқы болып, берекесін кіргізіп отырған ардақты ана, аяулы жар. Жанұяларыңызда қуанышты күндер мен жақсылықтар көп болсын!

Жанында  асыл анасы бар, сүйіп қосылған жары бар, еркелетер қарындасы бар, ақыл айтар апасы  бар азамат шексіз бақытты. Өміріміздің сәні де мәні де өздеріңіз. Біз Сіздермен бақыттымыз!

Көгілдір көктемнің осынау нәзік мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұрпағыңыздың қызығын көрер ұзақ ғұмыр, мерейлеріңізді үстем етер сәттіліктер тілеймін!

Әрқашан жүздеріңізден нұр шашып, көктемдей құлпырып жүріңіздер!. 

Құрметпен, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

Бас директоры                                                                                                                                                                                                                        Т. Есентүгелов