29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан,   отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы болған, елді кемел келешекке жетелеген ұлы тұлға. Бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің тұсауын кесіп, азаттықтың алауын жаққан, елдегі түрлі ұлттар мен ұлыстарды егемен еліміздің өркендеп дамуы жолындағы ортақ мүддеге жұмылдырған ұлт Көшбасшысы, өзінің ғаламдық бастамаларымен халықаралық беделге ие болған көреген саясаткер.

Тұңғыш Президент күні барша халқымыз үшін маңызды, мазмұны ерекше мереке екені сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі тарихқа біздің іргелі мемлекетімізді қалыптастырған, бүкіл саналы ғұмырын өз халқының бақытты болашағына арнаған, әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде енді.

Елбасымен бірге жеткен жетістіктеріміз жемісті болып, еліміздің ертеңі  жарқын болғай!

Сіздерге отбасы амандығы мен денсаулық, бақыт тілеймін!

Құрметпен, Бас директор Т. Есентүгелов