29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әскери бөліммен бірлескен арнайы тактикалық жаттығу

             

              Жақында 3502 әскери бөлімі жоспарлаған кезекті арнайы тактикалық  жаттығу «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі,  Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасақталған жасағы, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ 6656 және Қорғаныс министрлігінің  25744 жаяу теңіз әскери бөлімдерімен бірлесіп өткізілді. Арнайы тактикалық оқу-жаттығудың  сценарийі бойынша өңірдегі аса маңызды тіршілік ресурстарын өндіретін ірі кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС объектілеріне  қарсыластың  кенеттен жасалған шабуылына тойтарыс берілді.

             Аталған оқу-жаттығудың  негізгі мақсаты - кәсіпорын әкімшілігінің,  өзара әрекеттесетін барлық органдар мен  әскери бөлімнің қызметкерлерін арнайы операцияны орындау кезіндегі іс-қимылдарға үйретіп, нақты нәтижеге қол жеткізу, өзара байланыстарды пысықтау.  

            Жаттығудың сценарийі бойынша сақшы  қарауыл бастығына 9-шы бекетке шабуыл жасалғанын хабарлап, зиянкестерге оқ жаудырады. Шабуыл жасалған кезде сақшы жарақаттанады.

            Қарауыл бастығы сақшыдан есеп алғаннан кейін бөлім кезекшісіне баяндап, қарауылдың резервтік тобын көтеріп 9-шы бекетке қарай жұмылдырады.

           Әскери бөлім кезекшісі күзетілетін объектіге шабуыл жасалғаны туралы бөлім командиріне баяндап, өзара әрекеттесетін органдарға хабарлайды.

           3502 әскери бөлім командирі полковник Е.А.Усановтың  өкімі бойынша сағат 17:00 әскери бөлім жедел-қызметтік дайындық дәрежесіне келтіріліп, кезекші   бөлімшелер оқу дабылы бойынша стратегиялық объектіге жедел жеткізілді. Содан соң бөлімше жауынгерлері «Арлан» арнайы жасақталған жасағымен бірге  ғимараттарды қоршауға алды.

           Тойтарыс алған қарулы зиянкестер 6-шы мен 7-ші бекеттерге қарай ойысып,  шабуылдай отырып, кәсіпорын объектісіне кіріп жасырынады. Осы кезде әскери бөлімнің командирі полковник Е.А.Усанов әскери бөлімнің резервке және дабыл бойынша жиналған өзара әрекеттесу органдарының жауынгерлеріне қарулы зиянкестерді іздестіріп, ұстау амалдарын іске асыру тапсырмаларын береді.

           Жарақат алған сақшыға бөлімнің және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС медицина қызметкерлерімен бірге жедел жәрдем медициналық көмек көрсетті.

           Оқиға орнында топтасқан өзара әрекеттесу органдары орын алған жағдайға байланысты жинақталған мәліметтер бойынша құрылған жоспармен өз міндеттерін орындауға шұғыл кірісті. Ал, арнайы әскери бөлім қызметкерлері жоспарға сәйкес қылмыскерлерді іздестіру және ұстау амалдарын іске асырды.

           Сонымен қатар, объект ғимаратында өрт тұтанып, арты алапат өртке ұласады. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы мамандары сөндіреді.

            Бірлескен арнайы тактикалық жаттығу аяқталғаннан кейін әскери бөлім командирі полковник Ерік Амангелдіұлы өткізілген жаттығудың негізгі мақсаттарына қол жеткізілгендігін айтып, жаттығуға қатысқан кәсіпорын өкілдеріне және әскери қызметкерлерге алғысын жеткізді.

 

3502 әскери бөлімі командирінің орынбасары,

подполковник Айдос Серікбаев