Сіздерді егемен еліміздің айбынды мерекелері 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын! Қастерлі қос мерекенің қатар келуі біздің әрқайсымыздың жүрегіміздегі патриоттық сезімді күшейтіп, қашан да ерлік істерге дайын болуға үндейді. «Ер-елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тарихқа үңілсек, бабаларымыздың өмірі ел үшін, жер үшін күреспен өткенін көреміз. Ұлы Отан соғысындағы фашизммен күресте қаншама арыстарымыз ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Жеңіс жолында қан төккен соғыс құрбандарын әрқашан есте сақтап, ардагерлеріміз аманаттаған жарқын да бақытты өмірімізді қастер тұтамыз!
Еліміздің бейбітшілігі, сіз бен біздің, балаларымыздың тыныш ұйқысы үшін кірпік қақпай әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың бүгін төл мерекесі. Қызметтің ауырлығына қарамай өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әскери қызметшілерге алғысымыз шексіз. Тәуелсіз еліміздің шекараларын кез келген жауға қарсы тұра алатын жүректі, білекті, намысшыл, елін, жерін шексіз сүйетін ер-азаматтар қырағылықпен қорғауда. Ендеше, біз де аталарымыз сый еткен егемендіктің туын жықпай, ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етіп, ортақ Отанымыздың мәртебесін көтеруді басты парызымыз деп білгеніміз абзал.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы қуанышы мен амандығын, бар жақсылықтарды тілейміз! Әлемде әрқашан бейбітшілік болып, ұрпағымыз соғыс сұмдығын көрмесін!
Бас директор Т.Есентүгелов