19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Үздік бастауыш партия ұйымы

 

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңі аяқталды. Оған облыстың көптеген мекемелері қатысты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты бастауыш ұйымдардың қызметін ынталандыру және олардың жұмыстарын белсендіру болды.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының конкурстық комиссиясы ұсынылған материалдарды қарап, 2019 жылғы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздарын анықтады.     

Осы конкурстың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» бастауыш партия ұйымы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы аясында облыстық кезеңінде белсенділік танытқаны үшін III орынға ие болды. Дипломды «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серікбай Трұмов табыс етті.  

Салтанатты марапаттау барысында жеңімпаз ұйымдардың барлық өкілдері естелік дипломдар мен сыйлықтар алды.